1 Мамыр, 2025
Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова дүниеден озды

Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова дүниеден озды

Сидорова Вера Васильевна — Социалистік Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қостанай облысы мен Алматы қаласының Құрметті азаматының қайтыс болғаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадық.

Вера Васильевна — өз ісіне адал, жоғары жауапкершілік иесі, үлкен рухани күшке ие жан болатын. Оның еңбек жолы — ел мен халыққа адал қызмет етудің жарқын үлгісі.
Ол Қостанай облысы мен бүкіл еліміздің тарихында өшпес із қалдырды.
Оны таныған, құрметтеген жандардың жүрегінде жарқын бейнесі мәңгі сақталады.

Марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Бұл ауыр қазада қайғыларыңызға ортақтасамыз.

Қ.І. Ақсақалов, С.Е. Есжанов, А.Т. Әбенов, Т.Қ. Қадамбаев, Н.М. Сәдуақасов, Е.М. Спанов, Б.М. Ахметов, А.М. Байекенов, А.И. Кузьмина, А.И. Бородин, В.П. Ищенко В.П, А.С. Максимов, И.И. Кулик, И.М. Вечтейн, Г.Н. Черкасов, Ю.Б. Чеховский, Н.И. Волосович, В.С. Бушкин.

Жаңалықтармен бөлісу