Қостанайда заманауи мәдени-спорттық саябақ пайда болады

Қостанайда заманауи мәдени-спорттық саябақ пайда болады

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ауыл шаруашылығы институты ауданындағы бос аумақта салынғалы жатқан саябақ құрылысымен танысты.

Өңір басшысы әзірлік жұмыстарының барысын бақылап, аталған аумақты дамыту жоспарларын талқыға салды.

— Қаланы дамыту дегеніміз – ең алдымен, адамдарға қамқорлық. Әр бос жатқан аумақ тұрғындарға демалыс және шабытты көңіл-күй сыйлайтын кеңістікке айналуға тиіс, – деді Құмар Ақсақалов.

Жаңа саябақ аудан тұрғындары мен бүкіл қала халқы үшін тартымды орынға айналмақ. Мұнда амфитеатр, балалар және спорт алаңдары, скейт-парк, жаттығу орындары болады. Жоба аясында көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тораптар қарастырылған. Құрылыс биыл 4 қарашада аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ол саябақ құрылысы – Қостанайды жастар қаласына, жасыл желекті шаһарға айналдыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кету керек, осы таныстырылым барысында облыс әкіміне “Аймағамбет қажы Спанұлы” мешітінің маңына көлік тұрағын салу жоспары да мәлімделді.

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Болашақ саябақ эскиздерін облыс әкімдігі ұсынды

Жаңалықтармен бөлісу