«Шекарадағы тәртіп – біздің ортақ ісіміз!». Бұл сөздерді шекара маңындағы жергілікті тұрғындардан жиі естуге болады. Шын мәнінде, Қостанай облысының шекара маңындағы жергілікті халқы біздің өңірде шекара күзеті құрылған сәттен бастап мемлекеттік шекараны қорғау және күзету ісіне белсенді түрде ат салысуда. Бүгінде олардың көмегі мен қолдауы мемлекеттің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өзекті болып отыр.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті шекара маңы аудандарының азаматтарын туған жерді күзетуге тарту бойынша жұмыстарға елеулі көңіл бөлуде. Ресей Федерациясымен шекаралық күзету учаскесі салыстырмалы түрде жас болғанына қарамастан, бүгінде жергілікті тұрғындар арасынан құрылған ерікті жасақтар мемлекеттік шекараны қорғауға белсенді қатысады деп сенімді түрде айтуға болады. Бүгінгі таңда Қостанай облысының шекара маңындағы аумағында 25-ке жуық ерікті жасақ жұмыс істейді. Олар шекара нарядтарымен бірге немесе дербес түрде шекарада белгіленген әкімшілік-құқықтық режимдердің сақталуын бақылайды. Шекара шебінің ережелерін азаматтарға түсіндіреді. Сондай-ақ шекараны бұзушыларды іздестіруге және ұстауға қатысады.
Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында Қарабалық ауданының аумағында ерікті халық жасағы мүшесінің көмегінің арқасында мемлекеттік шекараны кесіп өту ережесін бұзушы ұсталды. “Ерікті жасақшы” Ресей Федерациясына қарай бет алған белгісіз жанды байқап, бұл туралы дереу жергілікті шекара бөліміне хабарлады. Ұстау шаралары ұйымдастырылып, Ресей тарапын өзара іс-қимыл шеңберінде хабардар еткеннен кейін, бірлескен іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік шекарадан өту тәртібін бұзған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды, қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан басқа, шекара тәртібі бұзылған жерге қазақстандық шекара наряды барған кезде мемлекеттік шекараны бұзушының екі сыбайласы анықталып, ұсталды. Олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 170 АЕК-тен астам айыппұл төледі.
Өткен жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері жергілікті халықтың және ерікті жасақ мүшелерінің көмегімен мемлекеттік шекараны күзету кезінде 40-тан астам шекара тәртібін бұзушыны ұстады.
Шекара қызметінің аумақтық органының басшылығы шекара маңындағы әрбір тұрғынды Мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамасыз ету мәселелерінде қырағылық пен азаматтық жауапкершілікті танытуға шақырады. Күдікті адамдар анықталған жағдайда, бұл туралы Шекара қызметі департаментінің аудандық бөлімшелерінің телефондары арқылы немесе сенім телефонына хабарлауды сұрайды: 8-7142-53-13-34.
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті
Суретті түсірген Манарбек Қарекенов