23 июня, 2025
Сарыкөлде Шоқанның 190 жылдық мерейтойына арналған айтыс өтеді

Сарыкөлде Шоқанның 190 жылдық мерейтойына арналған айтыс өтеді

Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты облыстық ақындар айтысы өтеді.

Айтыскерлер сайысында облыстың әр түкпірінен 16 ақын келіп сынға түспек. Өнерпаздар ұлы ағартушы, ғалым, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасын, еңбегі мен тұлғалық болмысын өлеңмен өрнектейді.

Қазылар алқасының төрағасы – Айбек Қалиев – «Мәдениет саласының үздігі» «Айтыстың ақтаңгері» Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық инстетуттың педагогика және филология факультетінің деканы. Сондай-ақ ақын, журналист, ҚЖО мүшесі Нұрқанат Құлабаев, жазушы, баспагер, ҚЖО мүшесі Әбутәліп Әмір және Сарыкөл ауданының мәдениеті мен өнеріне көп жылдар бойы еңбек сіңірген өнер ардагері Гүлмарал Жүсіпқызы ақындардың әділ бағасын бермек.

Айтыс аламаны 25 маусым күні сағат 14:00-де аудандық Мәдениет үйінде басталады.