Федоров ауданында жаңа мешіт ашылды

Федоров ауданында жаңа мешіт ашылды

«Жаркөл» мешітін салтанатты түрде ашу құрметіне Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы мен мешіттің алқа мүшесі Дегенбай Баймурзин ие болды.

Жамағат қуанышын бөлісуге аудан әкімі Тәуба Исабаев та қатысты.

Бектұрсын Торғайбайұлы барша жұртшылықты имандылық ордасының ашылуымен құттықтап, осы бастамаға үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Бас мүфтиінің және облыстық мешіттің атынан алғыс хаттарды табыс етті.

blank

Жиналғандар алдында зиялы қауым өкілдерінің атынан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ақылбек Шаяхмет, «Тұрар» ЖШС бас директоры Қайрат Оспанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Байдәулетұлы сөз сөйледі.

blank

Салтанатты басқосуда «Ел үлесі — пәтерге» жобасының аясында мешітке пәтердің кілтін кәсіпкерлер Рахым Байменов пен Қайрат Оспанов, ал қызметтік көлікті «Олжа Агро» ЖШС басшысы Әлішер Қожаназаров табыс етті.

blank

blank

Жиын соңында жаңа мешіттің ашылу құрметіне алыс-жақыннан келген азаматтарға дастархан жайылып, абыз ақсақалдар бата берді.

blank

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Суреттерді түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ