Сарыкөл ауданында да дауыс беру аяқталды

Сарыкөл ауданында да дауыс беру аяқталды

15 наурыз күні Сарыкөл ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум аясындағы дауыс беру науқаны өз мәресіне жетті.

Аудан аумағында барлығы 30 референдум учаскесі жұмыс істеп, тұрғындардың өз таңдауларын еркін әрі ашық түрде жасауына барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Учаскелер белгіленген уақытында ашылып, дауыс беру процесі күні бойы тыныш, заң талаптарына сай және жоғары ұйымдасқан деңгейде өтті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді. Бұл – халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Дауыс беру барысында қоғамдық тәртіп толық сақталып, құқық қорғау органдары мен учаскелік комиссия мүшелерінің үйлесімді жұмысының арқасында ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

Сондай-ақ референдум күні аудан тұрғындары үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Сайлау учаскелерінде Сарыкөл ауданының көркемөнерпаздар ұжымдары көшпелі концерттік бағдарламалар ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Осылайша, Сарыкөл ауданында өткен жалпыұлттық референдум дауыс беру күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен өтті. Аудан халқы ел үшін маңызды саяси науқанға азаматтық жауапкершілікпен қарап, өз таңдауларын жасады.

 

Руслан ӘЛКЕЕВ

Сарыкөл ауданы