Республика күні қарсаңында алғаш рет жеке куәлік алды

Республика күні қарсаңында алғаш рет жеке куәлік алды

 Халыққа қызмет көрсету орталғы жеке құжат алған қостанайлықтарды Республика күнімен құттықтады.

Бұл бірлескен акцияны ХҚКО мен Қоғамдық даму басқармасының мамандары ұйымдастырғанын айта кетейік.

Тұрғындарға салтанатты түрде  төлқұжаттар мен жеке куәліктер, тәтті сыйлықтар табысталды.

Олардың қатарында 16 жасқа толғандар да бар. Солардың бірі – Аружан Батырханова.

Аружан өзінің Республика күнінде алғаш рет  құжат алуын зор жауапкершілік деп түсінеді. Өз елінің азаматы болу – ең алдымен өз Отаныңды және үлкен Отаныңды сүю. Патриот болу. Қазақстанның одан әрі өркендеуі үшін бәрін жасау.

«Бұл менің алғашқы “ересек” құжатым, әрине, мен үлкен өмірге қадам басқандай толқу мен қуанышты сезімдемін. Өз жолымды таңдап қойдым. Қазір мұғалім мамандығында оқып жатырмын. Оқуды аяқтаған соң ағылшын тілінен сабақ беремін. Маған мектеп кезінен тілдерді үйрену қатты ұнайтын. Болашақта мұғалімдердің беделі артып, өседі деген ойдамын. Мұғалім үшін ең бастысы – баланы болашақ ересек өмірге дайындау. Ол керемет маман, жақсы ата-ана балаларын өз елінің азаматы болуын армандайды”, – дейді Аружан Батырханова.

Әсел ҚИБАШ

 

 

Жаңалықтармен бөлісу