Қостанайдың қала күніне арналған марафонында ақтөбелік желаяқ жеңімпаз атанды

Қостанайдың қала күніне арналған марафонында ақтөбелік желаяқ жеңімпаз атанды

10 шақырымдық жарыста Ақтөбе қаласынан келген 27 жастағы спортшы Нұрысбек Сексенбай мәреге бірінші болып жетті. Ол бұған дейін жартылай марафонда үздік үштіктен көрінген.

Марафоншылар жарысты Триатлон саябағынан бастап, Қостанай көшелерімен жүгіріп өтті.blankblank

Қостанайдың, өзге аудан-қаланың ғана емес, көршілес облыстардан әуесқой және кәсіби спортшылар келіп қатысқандықтан, мұны республикалық деңгейдегі марафон деуге де болатындай.blankblankblankblankblankСонымен, мәре сызығын бірінші болып ақтөбелік Нұрысбек Сексенбай басып өтті.blank Оның жүгіріспен айналысып келе жатқанына 12 жыл болған. Жақында Алматыда оқу-жаттығу жиынында болып, жарысқа тыңғылықты дайындалыпты.

blank

«Қостанайда жүлделі орыннан көрінгеніме қуаныштымын. Жарысқа жақсы дайындалдым. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын», – дейді марафон жеңімпазы.

blank

Марафонның бас қазысы Төкеш Ыбыраев тұрғындарды белсенді өмір салтын ұстанып, денсаулыққа көңіл бөлуге шақырды. Оның айтуынша, жаяу жүру мен жүгіру – денсаулықты нығайтудың тиімді жолы. Әсіресе, үлкен буын өкілдеріне дене белсенділігін біртіндеп бастап, алдын ала дәрігер кеңесін алған жөн.

«Мұндай жарыстардың басты мақсаты – тұрғындарды саламатты өмір салтына шақыру. Жүгіру мен жаяу жүру денсаулық үшін өте маңызды. Қазір қалада спортпен айналысуға мүмкіндік беретін орындар жеткілікті. Әсіресе, үлкен буын өкілдері дене белсенділігін біртіндеп бастап, алдымен дәрігердің кеңесін алғаны дұрыс», – дейді жарыстың бас төрешісі.

blankАл жергілікті блогер Роман Гайдук үшін жүгіру – күнделікті әдет. Ол таңертең 10-15 шақырым жаяу жүріп келсе, бүгінгі марафонда 10 шақырымды жүгіріп өтуді мақсат еткен.

blank

«Жүгіру – менің күнделікті әдетім. Таңертең 10-15 шақырым жаяу жүріп тұрамын. Бүгін өзіме 10 шақырымды жүгіріп өтуді мақсат еттім. Мақсатыма жеткеніме өте қуаныштымын», – дейді Роман.

blankblankblankАйбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген – Василий Васильев