Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

KAZINFORM Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 21 шілде мен 4 тамыз аралығында азаматтардың электоралды таңдауын анықтау мақсатында республиканың барлық өңірінде (Астана, Алматы, Шымкент қалалары және 17 облыс) 1200 респонденттің қатысуымен телефон арқылы екінші сауалнама жүргізгенін хабарлады.

«Ақ жол» партиясын керісінше, қалалықтар, сондай-ақ 61 жастан асқан респонденттер жиі қолдайды.

«Respublica» партиясы 18-28 жастағы қала жастары мен жоғары білімді респонденттер арасында ең жоғары көрсеткішке ие. Бұл партияларды қолдаушылар құрамында ерлер мен әйелдердің саны шамалас.

Аумақтық-демографиялық бөлініс бойынша ЖСДП-ға дауыс берушілер құрамы біркелкі екені байқалды.

Қазақстан халық партиясына әлі де бірінші кезекте аға буын өкілдері қолдау көрсетеді.

«Байтақ» партиясын көбінесе ауыл тұрғындары мен 61 жастан асқан респонденттер таңдайды.

Респонденттердің 1,5%-ы ғана «бәріне қарсымын» нұсқасын таңдауға ниетті.

Респонденттердің тағы 1,3%-ы өз таңдауын әлі жасамаған немесе нақты жауап беруге қиналды.

Саяси ақпараттың негізгі көзі — әлеуметтік платформалар

Саяси оқиғалар туралы ақпараттың негізгі көзі әлеуметтік платформалар болып қалып отыр, сауалнамаға қатысқандардың 65,4%-ы осы нұсқаны таңдады. Одан кейін — теледидар (22,4%) және жаңалық таратушы интернет-сайттар (14,9%). (жауаптардың жиынтығы 100%-дан асады, себебі респонденттер жауаптардың 2 нұсқасын таңдай алды)

Сайлау науқаны басталғаннан бері теледидардың рөлі алдыңғы зерттеумен салыстырғанда 10%-ға артты. Аудиторияның қызығушылығын арттырған факторлардың бірі теледебаттар мен жаңа тақырыптық бағдарламаларды іске қосу болуы мүмкін.

Ақпарат тарату арналарын таңдау аудиторияның жасына байланысты әртүрлі: 18-28 жастағы респонденттердің 77,5%-ы әлеуметтік платформаларды, 12,9%-ы теледидарды атап көрсеткен, ал 61 және одан жоғары топтағы азаматтардың 51,3%-ы әлеуметтік платформаларды, 37,8%-ы теледидарды атайды. Ауылдық жерлерде теледидардың рөлi қалаға қарағанда жоғары — сәйкесінше, 26,6% және 19,9%.

Зерттеу нәтижелері сайлау науқаны басталғаннан бері азаматтардың электоралды таңдауы қалыптасып келе жатқанын және өзгеріске ұшырауға бейім екенін көрсетті. Азаматтардың сайлауға көзқарасын және олардың соңғы таңдауын айқындайтын факторлардың бірі — партиялардың ақпараттық және жұмылдыру белсенділігі.

Айта кетейік, зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек халқының жынысы, жасы, елдімекен түрі және тұратын аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме бойынша ұйымдастырылды. Сауалнама ҚР ОСК-ның ресми хабарламасына сәйкес ұялы, стационарлық телефон нөмірлері бойынша жүргізілді. Қазақстандық қоғамдық даму институты деректерді Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 шілдедегі №ОСК-07.11.1290 жазбаша хабарламасы бойынша жариялайды.

Коллаж: Kazinform / ЖИ