Қылмыс туралы арыздарды қабылдау қалай жүргізіледі?

Қылмыс туралы арыздарды қабылдау қалай жүргізіледі?

Қылмыс туралы арыздарды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №89 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу туралы» Қағидаларымен реттеледі.

Аталған Қағидаға сәйкес, қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезекші бөлімдер қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады.

Полицияға қылмыс туралы арызбен жүгінген арызданушыға полиция қызметкері бірегей нөмірден тұратын талон-хабарландыру береді, талон-хабарландыру бірегей нөмірінің көмегімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің (әрі қарай – Комитет)(qamqor.gov.kz) ақпараттық жүйесі арқылы өз арызыңыз жайлы ақпаратты тексеруге болады.

Комитеттің ақпараттық жүйесі арқылы тексеру үшін «qamqor.gov.kz»сілтемесіне өтіп, «Полициядағы арызыңызды тексеріңіз» бөлімін таңдап пайда болған жолға талон-хабарландырудағы бірегей нөмірді (толықтай) енгізу керек. Содан кейін берілген қылмыс туралы арыз бойынша ақпарат пайда болады. Алайда, тиісті ақпарат шықпаса онда полицияда қылмыс туралы хабарламаны тіркемеуі мүмкін немесе талон-хабарландырудағы бірегей нөмір деректер қорына енгізілмеген, бұл туралы Сіз Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшелеріне хабар бере аласыз.

Егерде полиция қызметкерімен қылмыс туралы арызды қабылдау кезінде талон-хабарландыру берілмесе, арызданушы арыз қабылдаған қызметкермен толтырылған талонды талап етуге құқылы.

Талон-хабарлама екі бөліктен тұрады:қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарлама түбіртегінен, сондай-ақ арыз иесіне берілетін үзілмелі талон-хабарламадан.

Үзілмелі талон-хабарламаның келесі жағында Интернет-ресурстың мекенжайы көрсетілуге міндетті: www.qamqor.gov.kz, телефон нөмірлері: 8 800-080-7777 (стационар телефоннан), 1414 (ұялы телефоннан), олар бойынша арыз берушінің арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының тиісті ақпаратын және телефон нөмірін алуға болады.

Егерде полиция қызметкерлері қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, немесе Комитеттің ақпараттық жүйесі арқылы тексерістен кейін Сіздің арызыңыз тіркелмегені анықсалса, Сіз 8-7142-53-52-62 телефон нөмірі бойынша жүгіне аласыз.

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті

Жаңалықтармен бөлісу