«Қуатты бизнес – қуатты Қазақстан»: Жаңа Конституция нарық үшін әділ ойын ережелерін бекітеді

«Қуатты бизнес – қуатты Қазақстан»: Жаңа Конституция нарық үшін әділ ойын ережелерін бекітеді

Бүгінде қазақстандық бизнес жоғары жаһандық бәсеке, технологиялық өзгерістер және сыртқы сын-қатерлер жағдайында жұмыс істеуде. «АгромашХолдинг KZ» АҚ президенті Динара Шүкіжанованың айтуынша, мұндай жағдайда шешуші фактор – ережелердің тұрақтылығы, меншікті қорғау және мемлекеттік саясаттың болжамдылығы.

«Бизнес үшін ең маңыздысы – реттеудің тұрақтылығы мен салынған еңбектің қорғалуы. Біз дамуымызды бірнеше жылға алға жоспарлаймыз, сондықтан түсінікті әрі сенімді институционалдық орта қажет», – деді ол.

Әсіресе, капиталды көп қажет ететін салалардағы кәсіпкерлер өз стратегияларын 7–10 жылға алдын ала құрады. Жаңа Конституция жобасы кәсіпкерлік еркіндігін және өз мүлкін иелену әрі оған билік ету құқығын бекітетін құқықтық негіз қалыптастырады. Монополистік қызмет заңмен шектеледі, жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Бұл нарықта баршаға тең жағдай жасауға бағытталған.

«Қуатты бизнес – елдің өндірістік және кәсіпкерлік әлеуетін қалыптастырады. Ал қуатты экономика – қуатты мемлекет», – деп түйіндеді Динара Шүкіжанова.

Оның пікірінше, өкілеттіктерді қайта бөлу және мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру экономикалық саясаттың бірізділігін күшейтіп, реттеудегі күрт өзгерістер тәуекелін азайтады.