Қуандық Бишімбаевқа үкім кесілді

Қуандық Бишімбаевқа үкім кесілді

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды.

“Нәтижесінде Бишімбаевты 24 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылсын”, – деді судья үкімді оқып.

Сондай-ақ алқабилер Бақытжан Байжановты ағасы Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот Байжановқа қатысты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

фото: kaz.tengrinews.kz

Жаңалықтармен бөлісу