ҚР Туризм және спорт министрі қазақстандықтарды Ұлттық спорт күнімен құттықтады

ҚР Туризм және спорт министрі қазақстандықтарды Ұлттық спорт күнімен құттықтады

Игіліктер бастауы болған Наурыз мейрамы биыл елімізде жаңаша атап өтіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мейрамның идеясы мен құндылығы артып, «Наурызнама» тұжырымдамасы бекітілді. Осыған байланысты ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандықтарды құттықтады.

“Бүгін біз Сіздермен алғаш рет 20 наурыз – Ұлттық спорт күнін атап өтудеміз.
Бұл күні барлық өңірде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер өткізіледі. Ат (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу) және құсбегілік жарыстарын, сондай-ақ түрлі турнирді (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту) өткізу жалпыға ортақ мерекені сезініп, төл дәстүрімізді жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырып, тән мен жан үйлесімін сақтау үшін қажетті салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен отбасы амандығын тілеймін!”, – деді министр.

Жаңалықтармен бөлісу