Құрметті түлектер, ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!Биыл облысымыздың 4000-нан астам оқушысы өз өмірлерінің жаңа кезеңіне қадам басты. Түлектердің 120-сы “Алтын белгіге”, 251-і Үздік аттестатпен мектепті аяқтады.
Оқушылардың арасында халықаралық, республикалық зияткерлік турнирлердің жүлдегерлері, ғылыми байқаулардың жеңімпаздары, дарынды музыканттар мен суретшілер бар. Қостанай облысының ең дарынды оқушылары еліміздің және әлемнің беделді оқу орындарынан шақырту алды.
Құрметті ұстаздар мен ата-аналарға ерекше алғысымды білдіргім келеді! Енді ғана қалыптасып келе жатқан жастарымызға сіздердің қолдауларыңыз бен сүйемелдеулеріңіз ерекше күш беріп, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам басары анық!
Оқу жылының аяқталуымен баршаңызды құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін! Жеңісті де жемісті күндеріңіз көп болсын!
Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Қостанай облысының әкімі