Қостанайлықтар ұстаздар құрметіне велошеруге шықты

Қостанайлықтар ұстаздар құрметіне велошеруге шықты

Қоғамда ұстаз мәртебесі  қашанда биік.  Өткен мерекенің құрметіне  ұйымдастырылған бүгінгі велошеруге қала тұрғындары, мектеп оқушылары,  университет-колледж студенттері қатысты.

–Дәстүрлі іс-шара биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Бұлтты ауа райына қарамастан, 150-ге жуық велошабандоз қатысты.

Велошабандоздар  орталық алаңдағы Ы.Алтынсарин ескерткіші жанынан бастап, Гашек көшесіндегі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жағалауына дейінгі 12 шақырым қашықтықты жүріп өтті, – дейді “Қостанай  велоқоғамдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанат Сағынбаев.

 

Іс-шара облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Білім басқармасы,  “Қостанай велоқоғамдастығы» қоғамдық бірлестігімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

«Добрый Пекарь» және «Тассай» ұйымдары марафонның өтуіне тұрақты серіктестер.

 

Б. МЕЙРАМҰЛЫ.

Жаңалықтармен бөлісу