Маңғыстау елі ақтаңгер ақынға түйе мінгізді

Маңғыстау елі ақтаңгер ақынға түйе мінгізді

Базартөбе Қадырқұл ауылында Шеркеш руы Шағырай батыр мен Орақ әулиенің рухына арнап үлкен дүбірлі айтыс жасалды. Жерлесіміз Айбек Қалиев батыстың марқасқасы Абай Жолмағамбетовпен сөз жарысына түсті.

«Өзіме өмірімде ең керемет айтысым болды. Айекем айтыс барысында:  «Маңғыстау түйе баққан ел, Асанқайғының желмаясын сен мінгізбейсің бе?» деген еді, Мен: «түйе берейін, сіз батаңызды берсеңіз» деп,  ағамның батасын алып, бір түйе беремін сізге деп сахнадан түскен бойым еді… Ортада айтыс көріп отырған Исенбай Қалдаманов ағам:  «Абай інім, Асанқайғының түйесін Маңғыстаудың атынан «Көкмойнақ» командасының жігіттері болып қазір мінгіземіз» деп,  беремін деп отқан түйемді өзі мінгізіп жіберді»,  – дейді Абай ақын әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жаңалықтармен бөлісу