Бүгін Ақтау қаласында TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Чемпионатқа 10 аталым бойынша жеті елдің – Қазақстан, Түркия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстан өкілдері қатысты.
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» аталымында Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің студенті Артем Сергеевич Кузнецов жеңімпаз атанды. Тағы бір алтын медальді Мажарстан өкілі жеңіп алса, Түркия өкілі қола медальдің иегері атанды.

Чемпионат барысында қатысушылар жұмысты ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету, автокөлік құралдарын диагностикалау және жөндеу бағыттарында кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.
Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі ұжымының және колледж директоры Павленко Дмитрий Ивановичтің еңбегінің зор екенін ерекше атап өткен жөн. Оның жүйелі жұмысы, кәсібилігі мен қолдауы қатысушының халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетуінің кепілі болды.
Артемді және оның тәлімгері, Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің өндірістік оқыту шебері Кирилл Булатты шын жүректен құттықтаймыз.
