Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Борис Зеленов білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін берілген «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат жерлесімізге ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан берілді.

Борис Александрович «Үздік педагог-2023», «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауларының жеңімпазы, Қостанай облысындағы Яндекс-лицейдің үйлестірушісі және жаттықтырушысы.
