Қостанайдағы сауда қоймаларының бірінен өрт шықты

Қостанайдағы сауда қоймаларының бірінен өрт шықты

Бүгін ТЖД өкілдеріне Складской ауданында өрт шыққаны туралы қоңырау  түсті.

1500 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары мен химиялық тыңайтқыштар қоймасының шатыры жанып жатқаны белгілі болды.

Өрт бір сағаттан кейін оқшуланды.

“Құтқарушылар өрттің көрші қоймаларға таралуының алдын алды. Өртті сөндіру ісі әлі де жалғасып жатыр”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Мадина Акешева,

ҚӨУ – нің студенті.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу