Сол себепті дімкәс жандарға ол мекемелерге кіріп-шығу қиынға соғады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2015 жылы ең көп баратын 140 нысанды құжаттандырған. Тиісті құжатты алғандықтан, мүгедектігі бар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған, арбада отыратын, көру, есту қабілетінен айырылған адамдар үшін осы нысандар қолжетімді болуы керек еді.
” 2015-2021 жылдар ішінде жүргізілген мониторингтік іс-шараның нәтижесінде құжаттандырылған нысандардың барлығы толық қолжетімді деп танылған жоқ. Ал 2021-2023 жылы 140 құжатталған нысанның 78-і ғана толық бейімделген деп танылды. Ішінара қолжетімділік жасалған және құжатталған 62 нысанға бөлім толық бейімделу бойынша жұмысты жалғастыруда. Биыл тағы 27 нысанды нормативтік құқықтық акт талаптарына сәйкестендіру жоспарланған. Оның ішінде, 18 – білім беру нысаны, 7 – денсаулық сақтау нысаны, 1 – супермаркет, 1 – әуежай. Жыл басында барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге бейімдеу жоспарына енгізу туралы жазбаша хабарлама жіберілді”, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақбөпе Манатова.
Хабарламадан бөлек бөлім қызметкерлері осы нысандарға барып бағалау критерийлерін ұсынған. Жоғарыда айтылған 27 нысан жыл соңына дейін құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына толық сәйкес келуі керек.
“Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдардың басқа да нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың тесеру кезінде туындайтын мәселенің бірі кіре берістің, есіктің талапқа сай келмеуі. Негізінде есіктің ені 90 см, табалдырықтың биіктігі 1,4 см, шыға беріс есікте айналу алаңының кеңдігі 2,20*2,20, пандустың көлбеу бұрышының сәйкес келмеуі 1:20, 5% болуы шарт”, – дейді бөлім басшысы.
Мәселен, 2022 жылы бөлім 182 декларацияға келісіп, кейін қолжетімді емес 32 декларация кері қайтарылып алынған. Ал былтыр 185 декларацияның 21 қайтарылса, биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша 42 кәсіпорынмен мен ұйым декларацияны келісуге өтініш беріп барлығы мақұлданған.
“Бап шеңберінде шаралар қабылдау үшін “ҚР Еңбек министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті” РММ әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз етпеу, сондай-ақ мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуді қамтамасыз етпеу түрінде жасалған ҚР әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар болған жағдайларда ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 83-і бабы бойынша айыппұл түрінде жаза қолдануға құқылы. Онда лауазымды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 120 АЕК, орта кәсіпкерлікке 200 АЕК, ірі кәсіпкерлікке 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға құқылы”, – дейді Ақбөпе Манатова.
Осы баптың бірінші бөлігінде жазылғандай, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде есерту түзелмеген болса екі еселенген айыппұл салынады. Қолданыстағы нормативтік құқықтық акті негізінде барлық меншік иелері мүгедек адамдардың өз нысандарына еркін кіріп-шығуына жағдай жасауға міндетті.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков