Мереке күні өмірге келген нәрестелерге тосынсый жасалды

Мереке күні өмірге келген нәрестелерге тосынсый жасалды

«Ауыл» ХДПП «Мейрім құшағы» комисиясының мүшелері халықаралық Балаларды қорғау күніне орай облыс көлемінде туған бірнеше нәрестеге тамаша сыйлық жасады. Оларды перзентханадан сән-салтанатын жасап, жөн-жоралғысымен шығарып алды.

Бұл іс-шара қалалық перхентханада ғана емес, Аманкелді және Федоров аудандарында да өтті. Басты мақсат – ауылды жерлердегі аналарды қолдау әрі сый-құрмет көрсету.

 «Ауыл» партиясы алға қойып отырған мәселелердің бірі – ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеру, оған ерекше мән беру. Ауылды жерде тұратын жас отбасылар мен жас аналарға қашанда қолдау қажет. Оған Президент те мән беріп, үкімет тарапынан да жағдай жасалып жатыр. Біз осындай қолдаулар арқылы оларға демеу береміз. Бүгінгі егіз ұлын қолына алған жас отбасы Алексей-Марина Породхоларды құттықтаймыз. Балалар күнінде олардың отбасы қуанышқа кенеліп жатыр. Ауыл жастары еліміздің, облысымыздың демографиялық жағдайын түзетіп, дүниеге бала әкелуге ынталансын деген мақсатпен қолдау жасап, дәл осындай іс-шара ұйымдастыруды жөн көрдік. Партия мүшелері ауылдарды аралап, қолдау білдіреді. Біздің аймақта төтенше жағдай жарияланғанда да жолға шығып, көмек бердік. Елімізде енді ондай жағдай болмасын, – деді «Мейрім құшағы» комиссиясының төрайымы Ғ.Есеева.

Осылайша, комиссия мүшелері жасаған сыйлық Ұзынкөл ауылының тұрғынына бұйырды. Бұл отбасыда екі қыз бала өсіп келе жатыр. Енді олардың қатары егіз ұлмен толықты. Оларға Елисей мен Ростислав деген есім беріліпті. Комиссия мүшелері отбасы мүшелеріне салтанатты шығару бөлмесін және сыйлықтарды тарту етті. Нәрестенің әкесі Алексей ауыл шаруашылығы саласында механизатор болып еңбек етеді. Енді олар көп балалы отбасы.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу