Қостанайдағы ерекше балаларды  қолдау орталығына бір жыл болды

Қостанайдағы ерекше балаларды  қолдау орталығына бір жыл болды

Онда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді. Бұл орталық аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың дамуына көмек көрсету мақсатында құрылған.

Орталықта әртүрлі терапиялық қызметтер, сонымен қатар арнайы жабдықталған бөлмелер мен кеңістіктер балалардың жеке қажеттіліктеріне сай дайындалған.

blank

Орталықтағы ұсынылатын негізгі қызметтер қатарына АВА-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, бейімдеу және емдеу-сауықтыру дене шынықтыруы, еңбек терапиясы, арт-терапия мен музыкалық терапия сияқты маңызды әдістер кіреді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank Орталықтың басты ерекшелігі – балаларға ғана емес, сонымен бірге олардың ата-аналарына да көмек көрсетілуі. Ата-аналарға психологиялық қолдау, кеңестер мен түсіндірмелер беріледі.

blankОрталықтағы бөлмелер балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес құрылып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.

blankБұл бөлмелерді кабинеттер деп атау қиын, себебі олар балалардың жеке әлемі мен даму алаңдарына айналған. Мысалы, ағаш ұстасы шеберханасы қауіпсіз құралдармен жабдықталған, бұл жерде балалар қолмен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

blank

blankblankСондай-ақ, балалар түрлі табиғи жағдайларды проекциялауға арналған жарықдиодты шамдар мен прожекторлармен жабдықталған залда тәжірибе жинақтай алады.

blankТігін шеберханасында балалар «ақылды» машиналармен жұмыс істеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытады, ал робототехника бөлмесінде жаңа технологиялармен танысып, оларды игереді.

blank

Орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Макпал Багиджанова орталықтың жұмысы туралы былай дейді:

«Біздің орталық 2024 жылы ашылды. Бастапқыда 150 орынға арналған еді, бірақ көпшіліктің сұранысына байланысты біз жобалық қуатымызды 1 қыркүйектен бастап 200 орынға дейін кеңейттік. Қазіргі таңда бізде 168 бала ресімделген, ал кейбір балалар әлі де қабылдану үстінде. Біз осы балаларға әртүрлі әлеуметтік қызметтер ұсынамыз. Біздің орталықта 132 қызметкер жұмыс істейді, олар балалармен екі ауысымда жұмыс істейді.»

Орталықтағы музыка пәні мұғалімі Самал Еркановна балаларды вокал, би хореографиясы, аспаптарда ойнау секілді өнер түрлеріне баулиды.

blank

Ол балалардың әрқайсысына жеке көзқараспен қарап, олардың қызығушылықтарына сәйкес дамытуға тырысады.

«Әр баланың өз қабілеттері бар. Біз оларды мәжбүрлемейміз, тек өз қызығушылықтарына сәйкес дамытуға тырысамыз. Бір бала ән айтуды ұнатады, екінші біреуі билеуді немесе аспаптарда ойнауды жақсы көреді. Біз әр баланың ерекшелігін бағалап, оның әлеуетін ашуға көмектесеміз», — дейді Самал Еркановна.

Орталықтағы арт-терапия мен түзету сабақтары балалардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсартып, оларды шығармашылық бағытта дамытуға мүмкіндік береді. Орталықтағы жұмысты ата-аналар да жоғары бағалайды.

blankШынар Жалмухамедова өзінің баласының дамуындағы жетістіктер туралы айтып, орталықтың ұжымына алғысын білдіреді.

«Бұл жерде барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларға деген қамқорлықпен қарайды, оларды қорғайды және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Балам көп нәрсені үйреніп, шығармашылық жұмыстарға араласып, өз қабілеттерін көрсетуде», — дейді ол.

Қостанайдағы бұл күндізгі болу бөлімшесі ерекше балаларға күтім мен қолдау көрсетуге бағытталған тамаша үлгі. Орталықтың әрбір бөлмесі мен қызметі баланың жеке қажеттіліктеріне негізделіп құрылған. Аутизмі бар балаларға арналған бұл орталық олардың психоэмоционалдық және физикалық дамуына мүмкіндік береді, сондай-ақ әлеуметтік ортаға бейімделулеріне қолайлы жағдай жасайды. Орталықтың басты мақсаты — балалардың әлеуметке бейімделуін қамтамасыз етіп, олардың жеке қабілеттерін дамыту.

 

Диана Алмасқызы

ҚӨУ студенті