Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» атты кең ауқымды экологиялық бастама аясында жалпыұлттық сенбілік ұйымдастырылды.
Табиғатты қорғау ісіне бейжай қарамайтын тұрғындар мен еңбек ұжымдары шаһардың көрікті аллеяларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, сенбілік Журавлёв, Қозыбаев, 1 Мамыр, Бородин және Павлов аллеяларында өтті. Қатысушылар ағаштар мен гүлзарларды ретке келтіріп, қоқыстарды жинап, айналаны абаттандыруға белсене атсалысты.
Бұл игі іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, тұрғындар арасында тазалық пен қоршаған ортаға жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.