Полицейлер шетелдік нөмірі бар Hyundai Solaris автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде көршілес елдердің бірінің тұрғыны болған.
Оның атына 37 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген, олардың басым бөлігі — белгіленген жылдамдық режимін асыру.
Төленбеген әкімшілік қаулылардың жалпы сомасы шамамен 500 мың теңгені құрайды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.
«Қорғау» бағдарламасының көмегімен полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылған автокөлікті анықтады.
Патрульдік полиция инспекторының қызметтік планшетіне «Қорғау» бағдарламасы арқылы Geely автокөлігінде жалған нөмірлер орнатылғаны туралы хабарлама түскен.
Көлік тоқтатылып, рөлде Қостанай қаласының 60 жастағы тұрғыны болған.
Аталған азаматқа «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзды деген әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзу және әкімшілік қаулыларды елемеу көлік құралына қатысты шектеу шаралары қолданылуына әкеп соғуы мүмкін екенін еске салады.
