Қостанай полицейлері жүргізушілерге қауіп туралы ескертті

Қостанай полицейлері жүргізушілерге қауіп туралы ескертті

Облыста «Рөлде отырып, ұйықтап қалмаңыз!» атты ерекше профилактикалық акция өтті. Бұл іс-шараны облыстық полиция департаменті ұйымдастырып, басты мақсат – шаршаған күйде көлік жүргізудің қаншалықты қауіпті екенін жүргізушілерге түсіндіру болды.

Әулиекөл ауданына апаратын тас жолда полицейлер көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге тегін су таратты. Сонымен қатар, рөлде ұзақ уақыт отырудан туындайтын шаршау мен ұйқышылдықтың жол-көлік апатына себеп болуы мүмкін екенін еске салды.

Полиция мәліметі бойынша, облыс жолдарында сағат 22:00 мен 06:00 аралығында 422 жол апаты тіркелген. Бұл апаттардан 2 адам қаза тауып, 702 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Көп жағдайда апаттың себебі — жүргізушінің шаршауынан туындаған зейінсіздік пен әлсіз реакция.

Полицейлер жүргізушінің де жағдайына ерекше мән беру керектігін атап өтті:

«Жаңа, мықты көлік те ұйқысы қанбаған немесе сырқат жүргізушіні апаттан сақтап қала алмайды. Сондықтан денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз. Егер шаршау белгілері байқалса — жол шетіне тоқтап, біраз демалып алыңыз», — дейді Полиция департаменті мамандары.

Акция барысында жүргізушілерге мына ережелерді сақтаудың маңызы түсіндірілді.