Қостанай облысында су тасқынының алдын алу шараларын дайындау және іске асыру белсенді түрде жалғасуда. Ықтимал су тасқынына қарсы күрес аясында өңірде қар тазалау, инертті материалдарды төсеу, жағалауды бекіту шаралары және т.б. кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қостанай облысында үй маңындағы аумақтар мен қоғамдық нысандардан қар шығару жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 14 наурызындағы жағдай бойынша 990 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Бұл жұмысқа еріктілер мен жастар белсенді ат салысуда. Өңірде «Қарлы десант» акциясы бастау алды, оған бүгінгі таңда *320* ерікті қатысты.
Акцияның мақсаты – үй маңындағы аумақтарды, көшелерді және қоғамдық нысандарды қардан тазарту, бұл су басу қаупін айтарлықтай азайтады. Еріктілер, соның ішінде жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, сондай-ақ жай ғана мүдделі өңір тұрғындары қардан тазартуға және аумақтарды су тасқыны маусымына дайындауға белсенді түрде көмектесуде.
Волонтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасыларға, зейнеткерлерге, көп балалы отбасылар мен мүгедектерге көмек көрсетіп жатыр.
Облыстық жедел штаб азаматтарға ғимарат пен үйлерді су басып қалмау үшін аумақтарын қардан тазарту қажеттігі туралы үндеу жасады.