2026 жылғы 22 cәуірде сағат 15:00-ден бастап Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде өткізілетін «Мүмкіндік» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді.
Іс-шараға Қостанай облысының прокуратура органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары мен еріктілер қатысады. Қалалар мен аудандардың прокурорлары облыстың қадағалау аумақтарында акция өткізеді.
Акция барысында еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер беріліп, еңбек заңнамасының нормалары, оның ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын сақтау, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктер түсіндіріледі. Азаматтардың барлық жолданымдары жедел қаралатын болады.
Акция Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 56 «Жастар сарайы» ғимаратында өтеді.
