Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды Фото: qaz.ulysmedia.kz

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, облыстың кейбір жерлерінде  найзағай ойнап, тұман түседі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай болады. Ал түнгі, таңғы сағаттарда облыстың солтүстігі мен шығысына тұман түседі. Сонымен қатар, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталмақ.

Қостанай қаласында да түнгі уақытта тұман түсуі деп ықтимал.

Тұрғындарға ауа райының күрт өзгерісіне дайын болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.