Қостанай ауданындағы ауыл мектебі «Күзгі асар» жәрмеңкесінде қайрымдылық жасады

Қостанай ауданындағы ауыл мектебі «Күзгі асар» жәрмеңкесінде қайрымдылық жасады

Айсары жалпы білім беретін мектебінде  «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында  «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі және «Алтын күздің сыйы» көрмесі ұйымдастырылды.

«Асар жасау – адамның қайырымылығы мен бірлігін көрсетеді. Жәрмеңкенің басты мақсаты – оқушыларды отбасы құндылығының  бірі еңбекке баулу мен өз еңбегінің нәтижесін бағалай білудағдыларын қалыптастыру, табиғат сыйын үнемді  пайдалануды дәріптеу. Бұл іс-шара «Адал азамат»бағдарламасының аясында құндылықтарды дәріптеу негізінде жүзеге асты», – дейді ол туралы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Панияз Нұржан.

Мектепшілік жәрмеңкеге тек оқушылар емес, ата-аналар да белсене атсалысқан. Ата-аналардың қолдауымен әр түрлі тағамдар қолдан пісіріліп және күзгі көкөністерден түрлі салаттар дайындалып, сатылымға ұсынылған. Әр сынып әзірлеген тамақтарын талғамға сай безендіріп көрсетіп берген.

blank blank

Бұдан «Күз – мереке, күз – береке!» деген даналықтың  мәні аңғарылғандай көрінді. Береке бар жерде қайырымдылықпен жылулық, көмек пен табыс болатыны белгілі. «Көп түкірсе көл» демекші, әр сыныптың тағамдарын сатудағы табыстары сынып қорына жинақталды.

Оқушылар біржағынан қаржылық  сауаттылықтарын көрсетіп, өздерінің қолымен дайындалған тағамдарын тиімді бағалап, насихаттап сата білді. Демек, еңбектің жемісін көре алды.

«Оқушылардың жәрмеңкеге деген  қызығушылықтары өте ерекше болды. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін жақсы іс жасап, есте қаларлық  күн болды.Әр сыныптың мәзірлерін алқа мүшелері қарап бағалады. «Алтын күздің сыйы» көрмесіне жеміс жидектер мен көкөністерден оқушылар өз қиялындағы  әртүрлі бұйымдарды дайындады. Көрмені тамашалаушылар  ата аналар және мектеп қонақтары риза болып, жақсы әсер алғандарын айтты.  Сондықтан, қайырымдылық пен еңбекке бастайтын әрбір іс- шараның  мектеп оқушыларына берері мол. Болашақ жеткіншектеріміздің рухани құндылықты бойына  сіңіруде ұстаздарымыз әлі де  талмай еңбек етері сөзсіз», – дейді айтулы кештің ұйымдастырушысы.

Олар сыныпты «Ең белсенді сынып»,«Ең дәмді ұсыным», «Үздік безендіру», «Шығармашылық шеберлік»,  «Жомарт жүрек» (қайырымдылыққа ең көп үлес қосқан сынып), «Көрермен көзайымы» (дауыс беру арқылы таңдалса) сияқты номинациялармен марапаттады.

Иә, «Асар» қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Асар жасауадамдардың  бірлесіп игі мақсатта бір-біріне көмектесуі. Асарға қатысу адамды- бірлікке, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа және еңбекке үйретеді. Қайырымдылық – халқымыздың ең асыл  қасиеттерінің бірі. Осы қасиетті оқушылар бойына сіңіру үшін

Қостанай ауданы