Қазақстан алғаш рет Азия жастар аралды волейбол чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстан алғаш рет Азия жастар аралды волейбол чемпионатында жеңіске жетті

Тайландтың Ройет қаласында өткен Азия жастар аралды волейбол чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы Климен Рюхов пен Владислав Мастихиннен құралған жұп елге алтын медальды әкелді. Финалда олар қытайдың бірінші құрамасын 2:0 (21:19, 21:16) есебімен жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Бұл – Қазақстанның жастар аралды волейболдағы Азия чемпионатында алғаш рет чемпион атануы. Бұған дейін біздің командалар тек екінші және үшінші орындарды иеленген болатын.