А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ базасында бар қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға жалпы саны тоғыз команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің басты мақсаты – Әлібек Қожағалидің еміне қажетті қаржылай көмек жинау.
Бұл игі бастаманы Еламан Сапарбек өз ұсынысымен қолға алған. Ол университет басшылығына арнайы хабарласып, қолдау сұраған. Өз кезегінде оқу орны бұл бастаманы құптап, турнирді өз базасында өткізуге мүмкіндік берді. Ұйымдастыру жұмыстары бірлесіп жүргізілді.
— Бұл турнир – тек жарыс емес, үлкен жүректен шыққан бастама. Қолдау білдірген барлық қатысушыларға және университет басшылығына алғысымыз шексіз. Бірліктің арқасында үлкен көмек көрсете алдық. Жарысқа қатысушылар әр өңірден жиналды. Атап айтқанда, оңтүстік аймақтардан және Арқалық қаласынан арнайы командалар келсе, облысқа қарасты бірқатар аудандардан да ойыншылар қатысты. Сонымен қатар, тоғыз команданың қатарында университет студенттері де бар, — дейді А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөнінде проректоры Нұрлыхан Темірбеков.
Турнирге қатысқан әрбір ойыншы 2000 теңге көлемінде жарна төледі. Жиналған барлық қаражат толықтай науқас жанның еміне жұмсалатын болады.
— Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға бірінші, екінші, үшінші орындар берілді,. Ал бірінші орын алған командаға арнайы барбершопқа сертификат, сондай-ақ кубок пен медальдар табысталды. Бұл турнир тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен бірліктің айқын көрінісіне айналды, — дейді Еламан Сапарбек.
Тимур ШАГИРОВ,
ҚӨУ журналистика мамандығының 4 курс студенті
