Мемлекет басшысы Үкіметке «Торғай — Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді міндеттеді.
Бұл туралы өзінің Telegram арнасында ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Айта кетейік, Қостанай облысында стратегиялық маңыз зор «Орталық-Батыс» автокөлік дәлізі салынып жатыр.
Құрылыс жұмыстары маусым айында бірден екі жерде басталды. Оның бірі Арқалық қаласында болса, екіншісі – Жангелдин ауданы Торғай ауылында.
Құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 865 шақырым болатын «Астана — Жантеке — Егіндікөл — Арқалық — Торғай — Ырғыз» бағытында жүргізіледі.
Жаңа көлік дәлізі елдің орталығы мен батысын тікелей жалғап, Транскаспий халықаралық көлік бағытына жол ашатыны осығна дейін де айтылған еді. Жоба жүзеге асатын болса, Астана мен Ырғыз арасындағы жол 573 шақырымға қысқарады.
фото: zakon.kz
