«Полиция қызметкері балалар көзімен» байқауының қорытындысы шығарылды

«Полиция қызметкері балалар көзімен» байқауының қорытындысы шығарылды

Байқау «Этюд» көркемсурет студиясының тәрбиеленушілері арасында өткізілді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ мәжіліс залында балалардың қолымен салынған  Ғазиз Байтаcовтың портреті орналастырылып, оның ерлігі мен қызметіне деген құрмет көрсетілді.

Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жалғас Нұрахметов бағдарламаның маңыздылығына тоқталды.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында балалардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Биыл – Қауіпсіз балалық шақ жылы, ал заң мен тәртіп – өсіп келе жатқан ұрпақты қорғаудың кепілі», – деді ол.

blank Аталған іс-шара полиция мен жас ұрпақ арасындағы ашық диалогты нығайтып, қауіпсіз балалық шақ ересектердің сенімі мен қамқорлығынан басталатынын көрсетті.

blank Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп – балалық шақ қауіпсіздігінің кепілі» бағдарламасы аясында өткен іс-шара Оңтүстік полиция бөлімінде ұйымдастырылғанын айта кетейік.

Бұл бағдарлама балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін әзірленген. Ол «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының шеңберінде және мектептерде, балабақшаларда, сондай-ақ қоғамдық орындарда түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

blankЖас қонақтар үшін бөлім бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қызметтік автокөліктер таныстырылды. Балаларға полиция қызметінің қалай жүзеге асатыны және оның азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді.

Ақерке АРЫСТАНБАЙ

ҚӨУ студенті