Полицейлер мен Автомобиль көлігі колледжінің студенттері тәжірибе алмасты

Полицейлер мен Автомобиль көлігі колледжінің студенттері тәжірибе алмасты

Колледж оқытушылары полицейлерге автокөлік жолдарын жобалау және пайдалану туралы айтып берді. Бірлескен меморандум аясында жол және техникалық инспекция бөлімшелерінің қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

“Мұндай оқыту курстары алғаш рет өткізілуде. Соңғы кезеңде өткен материал бойынша тестілеу өтіп, нәтижесінде әрбір техникалық инспекторға сертификат берілді”, – дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

Автобус паркінде көшпелі сабақ ұйымдастырылып, рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өту тәртібі көрсетілді.

“Мұндай тәжірибе алмасу жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиімді әсер етеді. Алдағы уақытта полицейлермен алдын алу жұмыстары жүргізілетін болды”, – дейді колледж директоры Дмитрий Павленко.

Жаңалықтармен бөлісу