Оңтүстік Кореяда өткен дүбірлі додада Қазақстанның көк туы тағы да биікте желбіреді.
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды!
49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы жарыс барысында жігері мен шеберлігін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жартылай финалда Айданаға әлемнің қазіргі чемпионы — Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юн қарсы тұрды. Тартысты жекпе-жекте қарсылас 2:0 есебімен басым түсті.
