Өз тойына арнап жасаған әшекей бүгінде табысты брендке айналды

Өз тойына арнап жасаған әшекей бүгінде табысты брендке айналды

Қостанайдағы Агро фестивальге қатысушы AleksanDream брендінің негізін қалаушы Александра Кеклис қолөнердегі жолын 2012 жылы өз тойына әшекей жасаудан бастаған.

«Әшекей – жай ғана сәндік бұйым емес. Ол адамның мінезін, талғамын және даралығын көрсететін ерекше дүние», – дейді шебер.

Бүгінде Александра жапондық технологиялармен жұмыс істеп, керамика, табиғи тастар, інжу және басқа да сапалы материалдардан ерекше бұйымдар әзірлейді. Әшекейлерінде құрамында алтын бар, гипоаллергенді әрі ұзақ сақталатын жоғары сапалы фурнитура пайдаланылады.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Шебердің топтамасында сырғалар, алқалар, сәнді сөмкелер, ұлттық нақыштағы әшекейлер мен ерекше матрешка үлгісіндегі бұйымдар бар. Сонымен қатар ол  қыз-келіншектер не арналған нәзік әрі ыңғайлы әшекейлерді де арнайы дайындайды.

«Әр бұйымның өз мінезі бар. Мен адамдарға тек әшекей емес, ерекше көңіл күй сыйлағым келеді», – дейді Александра.

Фестиваль осындай шығармашыл кәсіпкерлердің еңбегін таныстырып, олардың жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң.