18 июня, 2025
Облыстық мешітте Айт намазы оқылды

Облыстық мешітте Айт намазы оқылды

Алла үйіне жиналған қауымды мешіттің бас имамы Бектұрсын қажы Уәли қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, парызын жамағатқа түсіндіріп өтті.

Құрбан айт – мейірімділік, жомарттық пен мейірімділік мерекесі. Кедейлерге, жетімдерге, жалғызбасты адамдарға көмектесуге ерекше назар аударылады. Бұл басқаларға қамқорлық жасау үшін маңызды уақыт.

«Құрбан деген сөздің өзі жақындық деген мағынаны білдіреді. Өзіміздің жақсы, игі амалдарымыз арқылы әлемнің рабысы  Алла тағалаға жақындай түсеміз. Пайғамбарымыз өз хадистерінің бірінде: «Алла тағала алдындағы ең қайырлы күндер, ең жақсы күндер ол Құрбан Айт күні мен зұлхиджаның 11 күні» дейді. Осы күндері тілеген тілектеріміз, жасаған игі, ізгі амалдарымыз өте үлкен дәрежеде Алланың құзырында сауапты болмақ. Құрбан шалу баршаңызға мәлім, пайғамбарлардың атасы болған Ибрахим пайғамбардың тәпсір сүннеті. Бұл тәпсіріміз біздің үмбетке де мұра болып келе жатыр», – деді Бектұрсын қажы Уәли.

Бұл жерде ескере кететін жағдай, қарыз алып құрбан шалуды шариғатымыз  құптамайды.

«Құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу міндет. Кімде-кімнің күнделікті тұтынатын азық-түлігінен, киімінен, қаражатынан артық  дүниесі болса, сол адамға уәжім. Шариғатта «Намаз оқы және құрбан шал» дейді. Ең әуелі намаз оқылып, құрбан шалыну керек. Айт намазынан бұрын шалынған құрбандық есептелмейді. Одан ешқандай сауап жоқ. Құрбан шалу – тек мал сою науқаны емес, бұл құлшылық. Оған алдымен ниет керек. Шалынатын құрбандықта – ниет басты парыз», – деп атап өтті обыстық мешіттің бас имамы.

Құрбан шалудың уақыты айттың бірінші күнінен басталады. Айттың үшінші күні ақшам намазына дейін шалуға болады. Сол себептен асығып-аптығып құрбан шалатын жерде әдепсіздік танытудың қажеті жоқ.

«Биылғы жыл сондай қолайлы жыл болып отыр. Бүгін мемлекет тарапынан демалыс берілсе, ертең сенбі, жексенбі демалыстамыз. «Бүгін үлгермей қалдым, кезегім жетпей қалды» деп қатты қиналудың қажеті жоқ. Ең бірінші құбандық шалатын жердің таза болуына мән беру керек. Құрбандық шалғаннан кейін де сол тазалықты жасап кетіңіз. Оның бәрі Алланың разылығы үшін жасалып жатыр», – деді бас имам ол туралы.

Құрбан шалатын адамның: «Өзімнің разылығым үшін пәленшенің атынан құрбандығымды қабыл ет, өзімізге және отбасымызға амандық, елімізге саулық бер, мал басымызға береке бер деген сөзді айтуы шарт. Шалатын адамның Құрбандықты үшке бөлуіне рұқсат берілген. Өз отбасына, бір бөлігін ағайын-туыс, көрші көлемге, бір бөлігін міндетті түрде мұқтаж жандарға таратып беру керек. Жағдайы келіп тұрса, барлығын мұқтаж жандарға беру шариғатымызда абзал болып саналады.

 

Айт намазынан кейін жамағатқа дастархан жайылып, жылдағы дәстүр бойын айт шайы берілді.

 Арападан құрба айт аяқталған келесі күнгі екіндіге дейін 23 парыз намаз оқылу керек. Содан кейін тәкпір айтылады. Ол бәріне міндет. Қаламыз бойынша айт шалатын жер – Федеров тас жолы бойындағы «Амиго» мекемесі. Сол жерде мешіттің қызметкерлері, арнайы қасапшылар қызмет көрсететін болады.

Көршілес Тобыл қаласы үшін «Союз» ЦС деген мекеменің ауласында құрбан шалу рәсімі өтеді. Ол жерде де екі мешіттің – Марал ишан, Маңдай батыр мешітінің өкілдері қызмет көрсетеді.

Құрбан айт қабыл болсын, еліміздің тыныштығы мен берекесі арта берсін!

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков