Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Арман Жүнүсов Қостанай облысы әкімінің өкімімен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл тағайындау арнайы тексеру нәтижелері алынғанға дейін уақытша жүзеге асырылды.

Арман Қапарұлы — энергетика және коммуналдық салада мол тәжірибесі бар маман. Ол осы бағытта көптеген жылдар бойы еңбек етіп, бірқатар маңызды басшылық қызметтерді атқарған. Атап айтқанда, «Қостанай-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында, «Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жетекші қызметтер атқарды.

Оның кәсіби тәжірибесі мен саладағы терең білімі аймақтың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамытуға оң ықпал ететініне сенім мол.