Облыс әкімі жаңа саябаққа ағаш екті

Облыс әкімі жаңа саябаққа ағаш екті

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының Арыстанбеков көшесі бойында орналасқан саябақта ағаш отырғызды.

Осы уақытқа дейін ол көшедегі бос жатқан аумақ биыл абаттандырылып, жаңа шағын саябақ ашылған еді.

blank blank blank blank blank blank

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қала басшысына бос жатқан жерлерді тиімді пайдаланып, шағын саябақтар салу жөнінде тапсырма берген.

blank

 

Нәтижесін бүгін көріп отырмыз.

blank blank blank blank

Арыстанбеков көшесіндегі скверде спорт алаңы орнатылып, тұрғындардың серуендеуіне жағдай жасалған. Жуық арада да балалар ойын алаңы да пайда болмақ. Сондай-ақ, қоғамдық дәретхана да іске қосылады.

blank

Саябақ аумағында түрлі ағаштар да егіледі. Абаттандыру жұмыстары аяқталуға тәмәм.

blank

«Мемлекет басшысының қабылдаған «Таза Қазақстан» бағдарламасы Қостанай облысында белсенді жүзеге асып жатыр. Жыл басынан бері рұқсат етілмеген 185 қоқыс полигоны жиналды. Сондай-ақ, 86 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Облыстық бюджеттен абаттандыру жұмыстарын атқаруға 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде 327 саябақ пен сквер тазартылып, қалыпқа келтірілді. Мұның сыртында сол қаржының көмегімен жаңадан саябақтар істедік. Қостанай қаласы облыс орталығы болғандықтан әрине, назар ерекше. Өздеріңіз білесіздер «Притобол» паркін қалыпқа келтірдік. Тобыл өзенінің жағалауы реттелді. Қазір қала тұрғындары мен қонақтарының жақсы демалыс орнына айналып тұр. Орталық саябақта 200 млн теңгеге біраз жұмыс атқарылды. Келер жылы осындай жұмыстар жалғасады. Ескірген атракциондардың орнына, жаңа заманауи атракциондар қойылатын болады», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Арыстанбеков көшесіндегі тротуарда орналасқан сауда дүнгіршектері алынып тасталған. Ал сквер аумағында Воин-Интернациолистов көшесі жағынан жабық сауда павильоны істеліп жатыр.

blank

Аймақ басшысы келер жылы А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ 2-ші корпусы орналасқан аумақта да шағын саябақ пайда болатынын жеткізді. Осы тәрізді скверлер қаланың әр ауданынан пайда болмақ.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ