Науырзым ауданында Түркебай ата мешітінің жанынан асхана ашылды

Науырзым ауданында Түркебай ата мешітінің жанынан асхана ашылды

Асхана аудан халқының ұйымдасуының арқасында бой көтерген. 250-300 адамға арналған жаңа нысанды 2022 жылы жеке кәсіпкерден сатып алған еді. Екі жылдың ішінде барлық жұмыстары аяқталып, қолдануға берілді. Ішінде керектінің бәрі бар. Аудан халқы енді ас беретін жер іздеп сабылмайды.

Нысанның құрылысына әр тұрғын қолдан келгенше жәрдем берген. Аудандық орталық мешіттің имамы, алқа мүшелері істі бастап, халық қолдап әкеткен. Бұл ғимаратта аудан тұрғындары түрлі діни басқосулар өткізіп, атаулы күндерге орай ас беруіне болады.

Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов барша жамағатты асхананың ашылуымен құттықтап, мешіттің алқа мүшесі Шотбай атамен бірге тұсауын кесті. Игілікті іске атсалысқан барша демеушілерге, аудан халқына, ел азаматтарына алғысын білдірді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу