Нарықтық теңгерім сақталса, қазіргі қажеттілікті шешіп алуға болады

Нарықтық теңгерім сақталса, қазіргі қажеттілікті шешіп алуға болады

Бағаның күрт өсуі болмайды, өйткені бұл халықтың күнделікті өміріне үлкен ауыртпалық түсіруі мүмкін. Алайда жанар-жағармай бағасын біртіндеп реттеу стратегиялық тұрғыдан маңызды.

Өзім көлік, логистика саласында ұзақ жыл қызмет еттім. Сондықтан бұл жағын бір кісідей білемін.

Қазіргі төмен баға ішкі нарықтың тұрақсыздығына алып келуде. Әсіресе, көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық бар.  Бағаны біртіндеп өзгерту арқылы нарықтық теңгерімді сақтап, мұнай өнімдерін өндіруге қажетті қаржы жинақтауға болады. Бұл зауыттардың модернизациясына, олардың өндірістік қуатын арттыруға және маусымдық қажеттіліктерді толық қамтуға септігін тигізеді. Нәтижесінде, ел ішіндегі жанар-жағармай қолжетімділігі сақталып, энергетикалық қауіпсіздік нығаяды.

Даниярбек НҰРҒАЛИҰЛЫ,

мемлекеттік қызмет ардагері 

Жаңалықтармен бөлісу