Мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Ұзынкөл және Троебрат ауылдарында «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей билік пен партия өкілдеріне жеткізе алды.
Қоғамдық қабылдауға «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов, Ұзынкөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қазбек Оразбаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, «Отбасы банк» және «Халық-Life» ұйымдарының өкілдері қатысты.

blank Алмат Досмұхамедов мобильді қабылдаулардың басты мақсаты – ауыл тұрғындарына қолжетімді болу екенін атап өтті.

«Мобильді қоғамдық қабылдаулар – шалғай елді мекен тұрғындарының өтініштерін тыңдап, олардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді алаң. «AMANAT» партиясы халықтың сенімін ақтау үшін нақты іспен әрекет етіп, әрбір өтініштің орындалуын бақылауда ұстайды», – деді ол.

blank blank Кездесу барысында тұрғындар ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Негізінен денсаулық сақтау, білім беру, ветеринария, жол жөндеу, ауызсу және интернет байланысы бағыттарындағы сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар әлеуметтік көмек пен тұрғын үй алу шарттарына байланысты өтініштер де айтылды. Әр өтініш жеке қаралып, жауапты мамандар тиісті түсініктеме берді.

blank blankҰзынкөл ауылының тұрғыны Болатай Куандықов мұндай кездесулердің ауыл халқы үшін маңызын атап өтті.

«Осындай іс-шаралар ауыл тұрғындары үшін өте пайдалы. Әрдайым облыс орталығына барып, мәселемізді айтуға мүмкіндік бола бермейді. Ал мұнда келіп, өз сұрағымызды тікелей мамандарға жеткізе аламыз. Мен өзім “Ұзынкөл–Сарыкөл” бағыты бойынша жол жөндеу жұмыстарының жағдайын сұрадым. Өзімнің сауалыма толыққанды әрі нақты жауап алдым», – деді ол.
Сонымен қатар, «Прозрение КСТ» компаниясы ауыл тұрғындарына көз көру диагностикасын жүргізіп, тегін тексеруден өткізіп, мамандардың кеңесін алу жәрдемін ұсынды.

Суреттерді ұсынған «AMANAT» партиясының
баспасөз қызметі

Сандуғаш БЕКМҰРАТ
ҚӨУ студенті