31.07.2025
«Мен өз үйімді қорғадым, енді қостанайлықтардың үйлерін күзетемін». Жас полицей Жаслан Жүсіповтің оқиғасы

«Мен өз үйімді қорғадым, енді қостанайлықтардың үйлерін күзетемін». Жас полицей Жаслан Жүсіповтің оқиғасы

Қостанай ауданы Алтынсарин ауылына 6 сәуірде су келе бастады. Сол күні бүкіл ауданда  ТЖ жарияланды.

Мұнда отбасымен, жұбайымен және төрт баласымен учаскелік полиция инспекторы Жаслан Жүсіпов тұрады.

Ол бірінші күні су тасқынына қарсы іс-шараларға кірісті. Себебі оның үйі су басу аймағында болды.

«Мен үйімнің айналасына бөгет тұрғыздым. Бұл үшін маған шамамен 3 күн қажет болды. Ауыр жүк көлігін жалдап,15 рет топырақ тасыдым», – дейді Жаслан Жүсіпов.

Қазір ол әр кеш сайын Тобыл өзенінің бойындағы саяжай қауымдастықтарын күзетеді. Оның басты міндеті – эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету.

«Мен өз үйімді қорғадым, енді қостанайлықтардың үйлерін күзетемін», – дейді Жаслан Жүсіпов.

Онымен бірге облыс орталығы мен Қостанай ауданының су басқан жерлерінде құқықтық тәртіпті 200-ге жуық полиция мен әскери қызметші қамтамасыз етіп жатыр.

Айта кетейік, Жаслан Жүсіпов 4 жыл бойы учаскелік полиция қызметін атқарып келеді.