Каменное көлінің жағасында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Каменное көлінің жағасында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Табиғатты тек мереке күндері ғана емес, күн сайын аялау бүгінде көпшілікті біріктіретін маңызды ұстанымға айналды. Соның айқын көрінісі – Қостанай ауданы тұрғындары арасында игі дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы.

Бүгін, 4 маусым күні Қостанай аудандық «AMANAT» партиясы филиалы Заречный бастауыш партия ұйымының мүшелерімен бірлесіп кезекті экологиялық акция өткізді. Бұл жолы акция өңір тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – Каменное көлінің жағасында ұйымдастырылды.

Қолғап пен қажетті құрал-жабдықтарын алған қатысушылар жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, демалыс орындарын ретке келтірді. Сонымен қатар туған өлкенің табиғатына жанашырлықпен қараудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.

– Каменное көлі жылдың кез келген мезгілінде өзінің әсем табиғатымен көз тартады. Мұнда отбасылар, жастар, белсенді демалысты ұнататындар жиі келеді. Сондықтан табиғат аясына келген әр адам артында қоқыс емес, жақсы әсер қалдырғаны маңызды. Осындай акциялардың мәні де осында. Олар тек тазалық сақтауға ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, – дейді экологиялық акцияға қатысушылардың бірі, Қостанай аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Марина Растегаева.

Қатысушылардың айтуынша, экологияға қамқорлық бір реттік шаралармен шектелмеугеі тиіс. Шынайы өзгеріс табиғатқа жанашырлық әр адамның күнделікті өмір салтына айналған кезде басталады. Өз қоқысыңды жинау, су айдындарын ластамау, сенбіліктерге қатысу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ауылдарымызды, қалаларымызды және табиғи аумақтарды әлдеқайда таза әрі жайлы ете алады.

«AMANAT» партиясы мүшелері экологиялық акцияларға қатысуды міндет емес, туған өлкенің көркеюіне үлес қосу деп санайды. Мұндай іс-шаралар әртүрлі жастағы адамдарды біріктіріп, еңбекке құрмет пен жеке жауапкершіліктің маңызын ұғындырады.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

«Таза бейсенбі» акциясы тағы бір мәрте ортақ іске жұмылған жұрттың нәтижесі бірден байқалатынын көрсетті. Каменное көлінің таза жағалауы – бірнеше сағаттық еңбектің жемісі ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты іспен дәлелденетінінің көрінісі.

Василий ВАСИЛЬЕВ
Суретке түсірген автор