Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қару, 2 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. 14 криминалдық қару алынған. Оның егізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болып шықты. Алыстағы шаруа қожалығынан 70 атыс қару тәркіленген.
«Ел тұрғындары өз еркімен 35 қаруды полицияға тапсырды. Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – деп хабарлайды Polisia.kz.
