Ертең Тобыл өзенінің Қонай елді мекені тұсында мұз жару жұмыстары жүргізіледі 

Ертең Тобыл өзенінің Қонай елді мекені тұсында мұз жару жұмыстары жүргізіледі 

Елді мекендерді су басудың алдын алу мақсатында Тобыл өзеніне зерттеу жүргізілді. Қостанай қалалық әкімдігі нәтижесінде қосымша мұз жару учаскелері анықталғанын хабарлайды.

“Ертең түске дейін қала аумағындағы «Қонай» шағын ауданының маңында жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды, мұзға шықпауды және қозғалыс маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз!” – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұқият болыңыздар және қосымша хабарландыруларды қадағалаңыз.

Жаңалықтармен бөлісу