Бір қауіпті маневр – бір адамның тағдыры

Бір қауіпті маневр – бір адамның тағдыры

Жолдағы бір сәттік асығыстық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында адам өміріне қауіп төндіретін екі өрескел жол ережесін бұзу дер кезінде тоқтатылды.

Әулиекөл бағытының 49-шақырымында «102» арнасына «Омниканальность» жүйесі арқылы түскен хабарлама негізінде Toyota Land Cruiser көлігінің қарсы бағытқа шығып кеткені анықталды.

Полицейлер жүргізушіні тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырды.

Ал Механизаторлар көшесінде ЦОУ-дың бейнебақылау камералары Lada Vesta автокөлігінің қарсы жолаққа шыққанын тіркеді. Бұл жағдай бойынша да тиісті шара қабылданды.

Екі жағдай да дер кезінде анықталмаса, соңы ауыр жол-көлік оқиғасына ұласуы әбден мүмкін еді.

Жол ережесі – жай ғана талап емес. Бұл – адам өмірінің қауіпсіздігі!

Рөлде отырған әр жүргізуші өз әрекетіне жауапты. Бір ғана ойланбай жасалған маневр өз өміріңізге ғана емес, өзгенің де тағдырына қауіп төндіруі мүмкін.