Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі Фото: ortcom.kz

Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі

ҚР Энергетика министрлігі «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында энергетика саласының кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатынын хабарлайды.
Әсіресе, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек. Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамту үшін жұмыс берушілердің қатысуын көздейтін «Отбасы банк» АҚ-ның «Корпоративтік» бағдарламасы негізінде жеңілдетілген несиелеу тетіктерін пайдалана отырып, корпоративтік тұрғын үй бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.
Аталған шараларды іске асыру жас мамандарды тартуға, кадрлардың біліктілік деңгейін арттыруға, жаңа әрі жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды тиімді пайдалануға қажетті тұрақты кадрлық базаны қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
Министрліктің мәлімдеуінше, жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы генерациялаушы қуаттарды жаңғырту жобаларын іске асыру энергетика саласының кадрлық әлеуетін жүйелі түрде нығайтуды талап етіп отыр. Қазіргі уақытта генерация секторында бірқатар құрылымдық мәселелер байқалады. Қызметкерлердің орташа жасы жоғары, білікті мамандар тапшы, заманауи цифрлық технологиялар мен автоматтандыру саласында құзыреттері бар жас мамандардың жеткіліксіз.

▪️Осыған байланысты кадрлық ресурстарды дамытуға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Сонымен қатар энергетика саласының тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс күшейтіледі. Атап айтқанда, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің әлеуметтік пакетін дамыту бойынша шаралар жоспарланған.
Негізгі бағыттардың бірі — кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.
Осылайша, энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін қайта даярлау және оқыту бағдарламаларын кеңейту жоспарлануда. Заманауи басқару жүйелерімен жұмыс істеу, цифрлық технологиялар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық стандарттар бойынша білім беру көзделген.

▪️

▪️

▪️