Бұл іс-шара елімізде құқықтық тәртіпті нығайтып, құқық бұзушылықтардың, масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алуға сеп болмақ.
ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелерді аралап, азаматтармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеріп, профилактикалық сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтап отырмақ.
«Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасын өткізуге еріктілер, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері атсалысады.
Қазақстан Республикасы ІІМ азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ құқық бұзушылық фактілері туралы полиция органдарына дереу хабарлауға шақырады.
