Қарабалық ауданында өсімдік майы өндірілетін болады

Қарабалық ауданында өсімдік майы өндірілетін болады

Байқап тұрғандарыңыздай, бұл Федоров ауданынан шығатын өсімдік майы. Енді осындай өнім осы ауданға көршілес Қарабалықта да пайда болмақ.

Приуральск ауылында инвесторлар тарапынан өсімдік майын өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Кәсіпорынның тәуліктік қуаты 500 тонна, ал майлы дақылдарды сақтауға арналған қойманың сыйымдылығы 40 мың тонна болмақ.

Жобаның жалпы құны 3,8 млрд теңге. Аталған зауытта күнбағыс, рапс сынды майлы дақылдар өңделіп, дайын өнім ішкі нарыққа және экспортқа шығарылуы көзделіп отыр.

Аталған өндіріс орындарын биыл іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жобалар толық жүзеге асқан жағдайда Қарабалық ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу орталықтарының біріне айналып, өңірдің экономикалық әлеуетін айтарлықтай арттырмақ.

Сондай-ақ осы ауылда тәулігіне 500 тонна құрама жем өндіретін зауыттың құрылысы қолға алында. Жоба құрамында 50 мың тоннаға арналған заманауи астық қоймасы қарастырылған. Инвестиция көлемі 2,1 млрд теңгені, ал құрылатын жұмыс орындарының саны 30 адамды құрайды.

 

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

  Қарабалық ауданы